Жаңалықтар

Келінтөбеде жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Жаңақорған ауданының Келінтөбе ауылында жаңа спорт кешені ашылды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент депутаттары, «ҚазАтомӨнеркәсіп» өкілдері және зиялы қауым қатысты.

Өңір басшысы тұрғындарды құттықтап, бұқаралық спортты дамыту мен ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, соңғы жылдары аймақта спорт инфрақұрылымы жүйелі түрде кеңейіп келеді: 2022 жылдан бері 23 спорт нысаны салынған, биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында тағы 4 нысан пайдалануға беріледі.

Келінтөбедегі жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені де осы бағдарлама шеңберінде 393 млн теңгеге бой көтерді. Заманауи ғимарат ауыл жастарына спортпен айналысуға мүмкіндік береді және кәсіби спортқа жол ашпақ.

Рәсім барысында ауданның дамуына үлес қосқан азаматтар мен мердігер компания қызметкерлері Алғыс хатпен марапатталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button