Жаңалықтар

1,9 миллиард теңгеге 26 аула

Шаһардағы қай аулалар түбегейлі өзгереді?

Қалада тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жобалар іске асырылуда. Солардың ең бастысы әрі қала тұрғындары көптен күткені — көпқабатты үйлердің аулаларын кешенді абаттандыру.

Биыл бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1,9 миллиард теңге бөлініп, 26 ауланы заманауи демалыс аймағына айналдыру жұмыстары қарқынды.

Бұрынғы ескі әткеншектер мен бос жатқан алаңдардың орнына енді балалар мен ересектерге арналған толыққанды инфрақұрылым пайда болады.

Ол жерде заманауи, қауіпсіз сырғанақтар, әткеншектер мен ойын кешендері бар. Сондай-ақ, жасыл кілем төселген кіші футбол алаңдары мен Workout (дене жаттығулары) аймақтары қарастырылған. Түнгі жарық диодты шамдар, демалыс орындықтары, көгалдандыру және тазалық инфрақұрылымы толық қалыптасқан.

Жобаның басты мақсаты — балалардың өз үйінің түбінде қауіпсіз әрі қызықты уақыт өткізуіне, ал ересектердің кешкісін таза ауада демалуына жағдай жасау.

Қазіргі таңда құрылыс және абаттандыру жұмыстары бекітілген кестеге сай жүріп жатыр дейді, жергілікті әкімдік қызметкерлері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button