
Қызылордада Сағымбаев көшесінің Торайғыров көшесінен «Қызылорда–Құмкөл» автожолына дейінгі аралығында қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Ауқымды жоба аясында ұзындығы 2 шақырымнан асатын жол толығымен кеңейтіліп, 4 жолақты қозғалысқа бейімделді.

Оған қоса, заманауи бағдаршамдар мен жарықтандыру бағаналары, жаңа аялдамалар орнатылып, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынуда.

Игі бастаманы «Қыран» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асыруда.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 90 пайызы орындалып үлгерген. Жаңарған көшені пайдалануға беру қыркүйек айына жоспарланып отыр дейді сала мамандары.



