Жаңалықтар

Орын азайып барады

Бірінші сыныпқа қабылдау науқанында не болып жатыр?

Қазақстанда жаңа оқу жылына дайындық қыза түсті. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, ел бойынша балаларды бірінші сыныпқа қабылдау процесі қарқынды жүріп жатыр.

Биыл республика бойынша 380 мыңнан астам бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде. Қазірдің өзінде бұл көрсеткіштің 84 пайызы орындалып, 320 мыңға жуық бала білім шаңырақтарына тіркеліп үлгерді.

Қабылданған оқушылардың ішінде қалалық мектептерге 191 мыңға жуық, ал ауылдық мектептерге 128 мыңға жуық бала тіркелді. Одан бөлек, білім беру ұйымдарына ерекше білім беруді қажет ететін 4 мыңға жуық бала қабылданды.

Еліміз бойынша бірінші сыныпқа баратындардың ең үлкен үлесі Түркістан, Алматы облыстары мен Астана қаласына тиесілі. Құжаттарды қабылдау науқаны әлі де жалғасуда. Білім беру мекемелері жаңа оқу жылында оқушыларды қарсы алуға толықтай дайын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button