Жаңалықтар
«Сәлемдемеңіз келді»: алаяқтар жаңа тәсілге көшті
Курьер атын жамылғандарға SMS-код айтпаңыз

Алаяқтар өзін курьер немесе пошта қызметінің өкілі ретінде таныстырып, азаматтардан SMS арқылы келген кодты сұрайды.
Ұлттық Банктің мәліметінше, қаскөйлер алдымен сәлемдеме келгенін айтып қоңырау шалады. Жеткізуді растау үшін SMS-кодты айтуды сұрап, адамды әдейі асықтырады.
Ұлттық Банк SMS-хабарламаны мұқият оқып, жіберушіні тексеруге және кодты ешкімге айтпауға шақырады. Күмәнді қоңырау түссе, әңгімені тоқтатып, ұйымның ресми нөміріне өзіңіз хабарласқан дұрыс.



