Жаңалықтар
«KazChinNun» кәсіпорны сағатына 15 тонна өнім өндіреді
Шиеліде жол құрылысына қажетті ұнтақ өндірісі іске қосылды

Шиелі ауданында «KazChinNun» ЖШС-нің минералды ұнтақ өндіру жобасы жүзеге асырылды. Жоба құны – 300 млн теңге.

Кәсіпорын автомобиль жолдарын салу және жөндеуге арналған МП-1 және МП-2 маркалы ұнтақ өндіреді. Өндірістік қуаттылығы сағатына 15 тоннаны, ал сақтау көлемі 400 тоннаны құрайды.
Өндірісте отандық шикізат пайдаланылады. Жоба өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, жол-құрылыс саласын жергілікті материалдармен қамтамасыз етуге бағытталған.



