Жаңалықтар

Қазақстан ШЫҰ отырысына дайындалуда

Душанбеде ШЫҰ мәселелері талқыланды

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мұрат Мұқышев 15-18 қазан аралығында Душанбеде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілері кеңесінің отырысына қатысты.

Кездесуде елдер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ 2026-2027 жылдарға арналған жоғары деңгейдегі іс-шаралар жоспары қаралды.

Қатысушылар 19-20 қазанда Душанбеде өтетін ШЫҰ үкімет басшылары кеңесінің отырысына дайындықты да талқылады. Жиында көлік-транзиттік байланыстарды дамыту, қаржылық ынтымақтастықты нығайту және ұйым жұмысын жетілдіру мәселелері қаралды.

Кездесу соңында тараптар ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button