Жаңалықтар
«GREEN ARAL» апталығына 600-ден астам жас қатысты
Қызылордада волонтерлер апталығы басталды

Қызылордада Арал өңірінің табиғатын қорғауға бағытталған «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық волонтерлер апталығы басталды.
Ашылу рәсіміне Өзбекстан мен Қырғызстаннан және Қазақстанның барлық өңірінен келген 100 волонтер, 500-ден астам студент пен ерікті жастар қатысты.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов бастаманың экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен Арал мәселесіне ортақ жауапкершілікті арттырудағы маңызын атап өтті.
Апталық аясындағы негізгі іс-шаралар Арал ауданында өтеді. Бастама экологиялық волонтерлікті дамытуға және Арал өңірінің табиғатын қорғауға бағытталған.



