Жаңалықтар

Астана емес, Қызылорда!

Кореялық инвесторлар неге бұл өңірді таңдады?

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен маңызды жиында Оңтүстік Кореямен арадағы серіктестікті жаңа белеске көтеретін ауқымды жобалар талқыланды. Екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылы 1,2 млн АҚШ долларына жетіп, тұрақты өсім көрсетіп отыр.

Ең басты жаңалық — Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында ашылған Кореяның SeoulTech университетінің Жасанды интеллект мектебі. Еліміздегі алғашқы бірегей мектепте қазірдің өзінде 225 студент білім алуда, ал алдағы оқу жылында тағы 128 студент қабылданады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асқан бұл жоба өңірдегі білім беру сапасын мүлдем жаңа деңгейге көтерді.

Бұдан бөлек, шикізат өндірісін ұлғайту мақсатында кореялық инвесторлармен қарқынды келіссөздер жүріп жатыр. Қорқыт Ата арнайы экономикалық аймағында заманауи витражды терезе өндірісін жолға қою және ірі сауда-логистикалық орталық салу ұсыныстары қарастырылуда. Инвестициялық әлеуеті жоғары бұл жобалар іске асса, өңірде жаңа өндіріс орындары мен жұмыс орындары ашылмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button