Қалтаға салмақ түспейді
Жаңа оқу жылына арналған заттарды қайдан арзан бағамен алуға болады?

Жаңа оқу жылының қарсаңында қала тұрғындары үшін үлкен жеңілдік жасалды. Қала әкімдігі мен кәсіпкерлердің арқасында мектеп керек-жарақтары ерекше бағамен сатыла бастады.

Қала әкімдігі мен жергілікті кәсіпкерлер арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында маңызы зор «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда.
Бұл бастаманың басты мақсаты – баласын оқуға дайындап жатқан отбасыларға қаржылай қолдау көрсету, мектеп формасы мен қажетті оқу құралдарын ең қолжетімді бағамен ұсыну.

Қазіргі таңда қала аумағындағы сауда орындарында мектеп формалары, кеңсе тауарлары және өзге де қажетті құралдар айтарлықтай төмендетілген бағамен сатылуда. Бұл игі іске жергілікті кәсіпкерлер белсенді түрде атсалысып жатыр.
Солардың қатарындағы «Татыран» компаниясы қаланың әр аумағында акцияны жоғары деңтэеде жүргізіп, оқушыларға қажетті барлық тауарларды тиімді баға ұсынып келеді.

Әлеуметтік маңызы бар бұл бастама ата-аналардың қалтасына түсетін салмақты азайтып, әрбір баланың қажетті оқу құралдарымен толық қамтылуына таптырмас мүмкіндік беріп отыр.


