
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім бергенін көпшілікке жариялады. Оның айтуынша, бұл шешім өмірден өткеннен кейін мұқтаж жандарға көмектесу мүмкіндігіне байланысты қабылданған.
Бүгінде Қазақстанда шамамен 184 мың адам өз келісімін eGov арқылы тіркеген. Алайда трансплантацияға мұқтаж азаматтар саны әлі де көп.
Қазір 4 867 отандасымыз ағза ауыстыруды күтуде. Оның ішінде:
4 311 адамға – бүйрек;
212 адамға – жүрек;
314 адамға – бауыр;
30 адамға – өкпе қажет.
Министр қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту қоғамның сеніміне, ашық диалогқа және әр азаматтың саналы шешіміне байланысты екенін атап өтті.



