Жаңалықтар

Аймақ басшысы Қызылорда гарнизонын аралады

Әскери бөлімдердегі ахуалмен танысты

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлімдер мен нысандардың жұмысымен танысты.


Ол ҚР Қорғаныс министрлігінің 66597 және 99215 әскери бөлімдеріне, ҰҚК Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне және Ұлттық ұланның 5547 әскери бөліміне барды.


66597 әскери бөлімінде 526 әскери қызметші, оның ішінде 42 мерзімді әскери қызметші және 17 азаматтық қызметкер бар. Мұнда 107 техника пайдаланылуда.


99215 әскери бөлімінің инфрақұрылымын жетілдіруге 2024 жылы 278,8 млн, 2025 жылы 369,8 млн, биыл 151 млн теңге бөлінген. Бөлімде 90 әскери және 10 азаматтық қызметкер еңбек етеді.


Шекара қызметінің облыстық департаментінде 700-ден астам әскери және 90-нан аса азаматтық қызметкер бар. Ал Ұлттық ұланның 5547 әскери бөлімінде 540 әскери және 3 азаматтық қызметкер қызмет етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button