Жаңалықтар

13 қазаннан бастап жаңа жүйе іске қосылады

Жедел жәрдем көлігін картадан онлайн бақылауға болады

Бұл норма Денсаулық сақтау министрлігінің 29 қыркүйектегі бұйрық жобасында көрсетілген. Жаңа жүйе 2026 жылғы 13 қазаннан бастап іске қосылады.

Диспетчер шақыртуға медициналық бригаданы бекіткеннен кейін пациентке автоматты түрде хабарлама жіберіледі. Кейбір шақыртуларды емханалардың мобильді бригадалары қабылдайды.

Жедел жәрдем шақырғаннан кейін азаматтарға SMS келеді. Геосервис арқылы жедел жәрдем көлігінің нақты уақыттағы қозғалысын картадан көруге болады. Осылайша, бригаданың қашан келетіні туралы ақпаратты диспетчерден сұрамай-ақ, оның қозғалысын онлайн бақылауға мүмкіндік беріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button