Жаңалықтар

Нартай Бекежанов театры «Алтын шымылдық» сыйлығын иеленді

Қызылордалық өнер ұжымы халықаралық фестивальде марапатталды

1–5 қазан аралығында Әзірбайжанның Шеки қаласында өткен V Шеки халықаралық театр фестиваліне Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры қатысты.


Фестиваль қорытындысы бойынша театр ұжымы театр өнеріндегі жемісті қызметі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін «Алтын шымылдық» сыйлығымен марапатталды.

Бұл – өнерге деген адалдықтың, табанды еңбектің және шығармашылық ізденістің нәтижесі. Театр ұжымының халықаралық сахнадағы жетістігі – Қызылорда өнері үшін айтулы оқиға.

Басқа жаңалықтар

Back to top button