
ҚР ІІМ емтихан ережелеріне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Емтиханнан бірінші рет өте алмағандар оны келесі жұмыс күні қайта тапсыра алады. Екінші рет сәтсіз болса, дайындалуға 10 күн беріледі. Ал теориялық немесе практикалық емтиханнан үш рет өте алмағандар келесі тапсыру үшін ақы төлейді.
Теориялық емтиханнан өткен үміткер практикалық сынақтан өте алмаса да, теория нәтижесі сақталады.
Сондай ақ шетелдік жүргізуші куәлігін Қазақстан куәлігіне ауыстыру үшін теориялық емтихан тапсырып, құжаттың түпнұсқалығын растау қажет.



