Жаңалықтар
Титов шағын ауданында жаңа емхана салынуда
Жаңа емхана бір ауысымда 400 адамды қабылдайды

Қызылорда қаласының шет аймағындағы Титов шағын ауданында №5 қалалық емхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылысқа 9,7 млрд теңге бөлінген.

Нысан пайдалануға берілгеннен кейін бір ауысымда 400 адамды қабылдап, тұрғындарға медициналық қызмет көрсетеді.




