Жаңалықтар
Қызылордада еңбек озаттары мен үздік әулеттер марапатталды
Абдрахмановтар әулеті «Алтын» жүлдеге ие болды

Достық үйінде Еңбек күні мен Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өтті. Еңбек адамдары мен әлеуметтік сала қызметкерлеріне облыс әкімінің алғыс хаттары мен ақшалай сертификаттар табысталды.

«Үздік еңбек әулеті» номинациясында Қазалы ауданының теміржолшылар әулеті — Абдрахмановтар отбасы «Алтын» жүлдеге ие болды. Башеновтер әулеті «Күміс», Бимахановтар әулеті «Қола» жүлдесін иеленді.

Сондай-ақ үздік тәлімгерлер мен жас мамандар марапатталып, 10 қызметкерге шипажайға жолдама берілді. Төрт ұрпақтан бері теміржол саласында еңбек етіп келе жатқан Абдрахмановтар әулеті республикалық форумда да бірінші орын алды. Шара соңы мерекелік концертпен аяқталды.




