Жаңалықтар

Жаңақорғанда Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығы өтті

«Өмір көшіндегі өнеге» кітабының тұсауы кесілді

Жаңақорған ауданында еңбек және тыл ардагері Машбек Сапарбайұлы Нәлібаевтың 100 жылдығына орай «Еңбекпен өрілген ғұмыр» атты танымдық конференция өтті. Жиынға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.


Конференцияда Машбек Нәлібаевтың өмір жолы, елге сіңірген еңбегі мен кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегесі сөз болды. Қатысушылар ардагердің өмірі мен қызметіне арналған архив және фотоқұжаттар көрмесін тамашалады.

Сондай-ақ «Өмір көшіндегі өнеге» кітабының тұсауы кесілді. Кітапта Машбек Сапарбайұлының өмір жолы мен ел игілігіне атқарған еңбегі баяндалған. Авторлары: журналист, ақын Дүйсенбек Аяшұлы және филолог Руслан Рүстемұлы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button