
14–18 қазан аралығында Польшаның Бельско-Бяла қаласында өтіп жатқан WKF каратэден әлем чемпионатында жерлесіміз Қанибек Сұңқар юниорлар арасында 76 келі салмақта әлем чемпионы атанды.
Жарысқа 114 мемлекеттен 2000-ға жуық спортшы қатысты. Қанибек өз салмағында барлық қарсыласын жеңіп, жоғары нәтиже көрсетті.
Қазақстан құрамасы бұл додада 1 алтын және 1 қола жүлде еншіледі.




