Жаңалықтар
Қазақстан әйелдер құрамасы Азияда қола алды
Қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Кореяны 5:1 есебімен жеңді

Қазақстанның әйелдер хоккей құрамасы Жапонияның Саппоро қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды.
Турнирде ұлттық құрама Жапониядан 0:4, Қытайдан 1:2 есебімен жеңілді. Ал соңғы кездесуде Оңтүстік Кореяны 5:1 есебімен ұтып, үшінші орынға тұрақтады.
Азия чемпионы атағын Жапония мен Қытай құрамалары сарапқа салады.



