Жаңалықтар

109 диспетчерлері сайлаушыларға қалай көмектесуде?

Құрылтай сайлауы кезінде «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің «109» бірыңғай байланыс қызметі 24/7 режимінде үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Төрт ауысымда кезекшілік ететін диспетчерлер осы уақытқа дейін сайлауға қатысты 327 қоңырау қабылдап, тұрғындарға жедел кеңес берді.

Мекеме директоры Бағлан Терлікбаевтың айтуынша, байланыс орталығына хабарласқан азаматтардың басым бөлігі сайлау учаскесін анықтау және тізімде жоқ тұлғаларды уақытша тіркеу мәселелерін сұраған.

Дауыс берушілер тізімінде мүлдем жоқ және тіркелмеген азаматтар үшін 5 онлайн учаске жұмыс істеп тұр. Сайлаушылар сағат 20:00-ге дейін өз дауысын беруге құқылы.

«Біз әрбір қоңырау үшін жауаптымыз. Себебі бұл саяси науқанда әрбір азаматтың дауысы маңызды», – деп атап өтті Бағлан Терлікбаев.

Байланыс орталығы сайлау барысында тұрғындардан түскен сұрауларға толыққанды ақпараттық қолдау көрсетуді аяқтағанға дейін жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button