Жаңалықтар

Социалистік Еңбек Ері Кәрібоз Әлимаев өз таңдауын жасады

Ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шараға әр азаматтың қатысып, өз азаматтық ұстанымын білдіруі — ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі. Осы орайда Қазалы ауданы, Тасарық ауылдық округіне қарасты Лақалы ауылының тұрғыны, Социалистік Еңбек Ері, Қазалы ауданының құрметті азаматы Кәрібоз Әлимаев та бұл маңызды науқаннан шет қалмады.


Қазыналы қарияның шаңырағына сайлау комиссиясының мүшелері үйден дауыс беруге арналған жылжымалы жәшікті арнайы жеткізді. Жасы ұлғайғанына қарамастан, еңбек ардагері өз таңдауын жасап, азаматтық парызын орындады.

Кәрібоз Әлиұлы — маңдай терге суарылған ғибратты ғұмырымен ел құрметіне бөленген абыройлы тұлға. Ол саналы ғұмырын туған жердің өркендеуіне, ауыл шаруашылығы саласының дамуына арнап, ел экономикасын нығайтуға сүбелі үлес қосқан.

Елдің ертеңі — бүгінгі таңдаудан. Ал ел тағдырына бейжай қарамайтын аға буынның әрбір қадамы — болашаққа бастар маңызды өнеге.

Басқа жаңалықтар

Back to top button