Жаңалықтар

«Қара нарыққа» тосқауыл

Сырдағы суару қорытындысы

Биыл Арал-Сырдария бассейнінде суару науқаны тұрақты өтіп, егіс алқаптары қажетті сумен қамтамасыз етілді. 1 қыркүйекке дейін Шардара су қоймасына 2 млрд 457 млн текше метр су келеді деп болжанса, нақты көлем 3 млрд 341 млн текше метрге жетіп, болжам 136%-ға орындалды.

Жыл басынан бері Қызылорда облысында 174,8 мың гектар жерге егіс егілсе, оның 70 мың гектардан астамына күріш орналастырылған.

Биыл су жеткізушілер мен шаруалар арасында электронды «Биллинг» жүйесі алғаш рет іске қосылды. Жүйе су беру қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар суды заңсыз пайдалануға және «қара нарыққа» қарсы бақылау күшейтілді.

«Қазсушар» өкілінің айтуынша, қазір шаруалар өнім жинау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал жауапты мекемелер 2027 жылғы суару науқанына дайындықты бастап, каналдарды кептіру және тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Алдағы уақытта су ресурстарын тиімді пайдалану, жүйелердегі ысырапты азайту және заңсыз су пайдаланудың алдын алу жұмыстары жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button