Жаңалықтар

Қызылордада «Кітап Fest» өтті

Жас ақындар жыр додасына түсті

Қала күніне арналған мәдени шаралар аясында Қызылордада «Кітап Fest» фестивалі өтті. Шара республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясындағы кітап оқу мәдениетін дамыту бастамасын қолдауға бағытталған.


Фестивальге Алматы мен Қарағандыдан баспа үйлері, кітап дүкендері және әдебиет өкілдері қатысып, жаңа кітаптарын ұсынды.


Кеш қонақтары – ақындар Мөлдір Айтбай, Ақжол Түменбай және сазгер Үкітай Ерниязов.

Шараның негізгі бөлігі «Мөлдір өлең» жобасының негізін қалаушы Мөлдір Айтбайдың Қызылордалық жас ақындармен өткізген ақындар дуэлі болды. Жас қаламгерлер жыр додасында бақ сынады.

Шара барысында үздік оқырмандар марапатталып, ақындар дуэліне қатысқан жас қаламгерлерге Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button