Жаңалықтар
Елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қызылордада жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады

25 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі, тұман және шаңды дауыл болатынын болжап отыр. Кей өңірлерде өрт қаупі де сақталады.
Қызылорда облысында күндіз солтүстік, шығыс және орталық аудандарда шаңды дауыл күтіледі. 25-26 қыркүйекте солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.



