Жаңалықтар
Қызылордадан Жосалыға нәресте ТЖМ тікұшағымен жеткізілді
Жаңа туған нәрестеге шұғыл медициналық көмек көрсетілді

Қызылорда облысында жаңа туған нәрестені шұғыл тасымалдау үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы санитарлық рейс жасады.
ТЖМ мәліметінше, алдыңғы күні санитарлық авиацияның өтінімі бойынша Қызылорда – Жосалы – Қызылорда бағытымен тікұшақ ұшырылған.
Рейстің мақсаты – нәрестені мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жедел жеткізу.
Санитарлық авиацияның көмегімен кішкентай науқас қысқа мерзімде тасымалданып, оған қажетті медициналық көмек ұйымдастырылды.

