Жаңалықтар

Ең қажет мамандықтар анықталды

Құрылысшылар сұраныстағы мамандықтар көшін бастады

Еңбек күні қарсаңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі eGov платформасында сауалнама жүргізді. Оған 1 305 адам қатысты.

Сауалнама нәтижесінде респонденттердің 76,2%-ы еңбек адамына құрмет көрсетуді маңызды қоғамдық құндылық деп атаған.

Елдің алдағы дамуы үшін ең қажет мамандықтар қатарында:

🔹 құрылысшылар – 20,3%;

🔹 ауыл шаруашылығы қызметкерлері – 16,7%;

🔹 өнеркәсіп мамандары – 14,8%;

🔹 электр мамандары – 14,4%.

Қатысушылар дәнекерлеуші, коммуналдық қызмет маманы, механик, жүргізуші, аспаз, слесарь және машинистердің еңбегін де жоғары бағалаған.

Сонымен қатар респонденттердің 41,2%-ы жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру бойынша қосымша шаралар қажет деп санайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button