Жаңалықтар
«Жыл волонтері» сыйлығына дауыс беру басталды
235 үміткер: үздік волонтерді таңдауға болады

10–19 қазан аралығында Qazvolunteer.kz платформасында «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының алғашқы кезеңі – онлайн дауыс беру өтеді.
Техникалық іріктеу нәтижесінде байқауға 235 үміткер қатысып жатыр. Мемлекет басшысының бастамасымен тағайындалған сыйлық қоғамға пайдалы, әлеуметтік маңызы бар істерге үлес қосқан волонтерлерге, топтар мен ұйымдарға беріледі.
Алты жыл ішінде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден 297 волонтер сыйлық иегері атанды.
Биыл жеңімпаздар әлеуметтік жобалар, білім беру, жануарлар мен қоршаған ортаны қорғау бағыттарын қамтитын 15 аталым бойынша анықталады. Дауыс беруге кез келген адам қатысып, өзі таңдаған волонтерді қолдай алады.



