Жаңалықтар
Қызылорда мен Жетісу өнерпаздары дәстүрлі өнер додасында бақ сынады
Сыр өнерпаздары сайыста жеңіске жетті

Қызылордада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Бес асыл» жобасы аясында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты республикалық дәстүрлі өнер сайысы өтті.

Сайысты облыс әкімі Мұрат Ергешбаев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол Сыр өңірінің айтыс өнеріндегі дәстүрі мен жетістіктерін атап өтті.
Өнер додасында Қызылорда мен Жетісу облыстарының өнерпаздары түре, сүре, қайым, қыз бен жігіт айтысы, жыр, терме, дәстүрлі ән және күй жанрлары бойынша бақ сынады.

Өнерпаздарды ақын Жүрсін Ерман бастаған қазылар алқасы бағалады.

Сайыс қорытындысында жоғары шеберлік танытқан Қызылорда облысының командасы жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарға арнайы кубок пен қаржылай сертификат табысталды.


