Жаңалықтар
Тоқаев Бельгия Королі мен Патшайымын қарсы алды
Бельгия Королі Филипп Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы елорда әуежайында қарсы алды.
Қазақстанның әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекеттік шекарадан Астанаға дейін мәртебелі меймандар мінген бортты қапталдай ұшты.
Қонақтарды салтанатты қарсы алу үшін ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президенттік оркестр сап түзеді.



