
Самарқандта Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) Бас ассамблеясында президент сайлауы аяқталды. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Екінші турда Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов жеңіске жетті. Шешуші кезеңде Турловқа 110 делегат дауыс берсе, Вадим Розенштейн 85 дауыс жинады.
ФИДЕ тарихында алғаш рет ұйымды Қазақстан өкілі басқарады. Ал бес дүркін әлем чемпионы Вишванатан Ананд президенттің орынбасары болды.
Дауыс беру алдында үш кандидат та сөз сөйлеп, ФИДЕ-нің болашақ даму бағыты туралы өз көзқарастарын таныстырды.


