
Жыл басынан бері Қазақстанда көліктерге қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 595 дерегі тіркелді. Соның 386-сы Жамбыл, 119-ы Түркістан, 80-і Қостанай облысында анықталған.
Заңсыз орнатылған бактардың жалпы көлемі 159,5 тоннаға жеткен.
Құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында мемлекеттік шекарадағы 48 автокөлік өткізу пунктінің маңында полиция бекеттері тәулік бойы жұмыс істейді.
Заңсыз қосымша бак орнатқан жүргізушілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 7-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.



