
Астанада Президент орталығында Премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен Еңбек күніне арналған «Еңбек – ел мұраты» республикалық форумы өтті.

Форумда ел игілігіне адал еңбек етіп жүрген азаматтар марапатталды. Шараға Сыр өңірінің делегациясы да қатысып, арнайы номинацияларға ие болды.

«Үздік еңбек әулеті» номинациясын төрт буыны теміржол саласында еңбек етіп келе жатқан қызылордалық Абдрахмановтар әулеті алды. Әулеттің жалпы еңбек өтілі – 318 жыл.

Сонымен қатар «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Жаңа жол» ЖШС механизаторы Талғат Байымбетов және «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС тас қалаушысы Мырза Малкенов марапатталды.



