Жаңалықтар

Қызылордада екі қаржы пирамидасы анықталды

59 млн теңге залал анықталды

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жыл басынан бері экономикалық қылмыстардың алдын алу және бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуына жол бермеу бағытында жұмыс жүргізуде.


Департамент мәліметінше, тұрғындарды әбігерге салған 2 қаржы пирамидасының қызметіне тосқауыл қойылған. Жәбірленушілерге келтірілген 59 млн теңге залал анықталып, сот үкімімен құны 5 млн теңге болатын автокөлік пен 2 947 945 USDT криптоактивтер мемлекет кірісіне тәркіленді.


Сонымен қатар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысты 5 қылмыстық іс сотқа жолданған.

Қылмыстың алдын алу мақсатында тұрғындар мен жастар арасында 50-ге жуық түсіндіру шарасы өткізіліп, 4 мыңнан астам адам қамтылған. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде «Кибернадзор» жүйесі арқылы алаяқтық пен қаржы пирамидаларын насихаттайтын 10 мыңнан астам сілтеме бұғатталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button