Жаңалықтар

Шиелі диқандарының еңбегі еленді

«Алтын күз – 2026»: еңбеккерлерге үй мен автокөлік табысталды

Шиелі ауданында «Алтын күз – 2026» мерекесі аясында екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 135 жылдығына арналған «Жұлдызы жарық Шиелі» театрландырылған қойылымы көрсетіліп, ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды.

Салтанатты шараға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Еңбек Ерлері, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы диқандарға алғыс білдіріп, биыл ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауға 37 млрд теңге бөлінгенін, тоғыз айда 178 млрд теңгенің өнімі өндірілгенін атап өтті.

Мерекеде еңбек озаттарына Премьер-министр мен облыс әкімінің Алғыс хаттары, түрлі номинациялар бойынша марапаттар табысталды. Сондай-ақ тұрғын үй кілті, 1 миллион теңгелік сертификаттар беріліп, Ыбырай Жақаевтың ұлы Сейітбек Ыбырайұлына автокөлік сыйға тартылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button