Жаңалықтар
Қазақстан мектептерінде 415,5 мың педагог жұмыс істейді
Бес жылда педагогтер саны 13,3%-ға артты

2025–2026 оқу жылында еліміздегі жалпы білім беретін мектептерде 415,5 мың педагог еңбек етеді. Бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш.
Бір жылда педагогтер саны 2,2%-ға, ал соңғы бес жылда 13,3%-ға өскен. Біліктілік санаты бойынша мұғалімдердің ең көбі – 126,7 мың педагог-модератор.
Мектеп педагогтерінің 337,8 мыңы – әйелдер, бұл жалпы мұғалімдердің 81%-дан астамын құрайды.
Педагогтер саны ең көп өңір – Түркістан облысы. Мұнда 67,4 мың мұғалім жұмыс істейді.


