Жаңалықтар

Балабақшадағы кезек жүйесін қайта қарау ұсынылды

Депутат ата-ана таңдаған ұйымға тікелей кезекке қоюды ұсынды

 «Әділет» партиясы фракциясының депутаты Ләззат Қожахметова Оқу-ағарту министріне депутаттық сауал жолдап, баланы басқа балабақшаға формалды тіркемей-ақ, ата-ана таңдаған ұйымның күту парағына тікелей қоюды ұсынды.

Депутаттың айтуынша, әсіресе Астана, Алматы және Шымкентте мектепке дейінгі ұйымдарға сұраныс жоғары.

Сондай-ақ бос орындарды ашық кезекпен бөлу және мемлекеттік қаржыны баланың балабақшаға нақты қатысуын растайтын цифрлық деректер негізінде төлеу ұсынылды.

Бұдан бөлек, формалды тіркелген балаларды анықтайтын цифрлық бақылау жүйесін енгізу және бір баланың бірнеше ұйымға негізсіз тіркелуіне жол бермеу ұсынылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button