
20 қазаннан бастап сауда желілерінде әрбір тауар санаты мен кіші санатында отандық өнімдердің міндетті үлесін қамтамасыз ету талабы күшіне енеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, сауда желілерімен қазақстандық өнімді ілгерілету бойынша 72 меморандум жасалған.
Тоғыз айда еліміздегі сауда көлемі 61 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға өсті. Оның ішінде көтерме сауда – 40,7 трлн теңге, бөлшек сауда – 20,5 трлн теңге.



