Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы WorldSkills-те 8 жүлде иеленді

Шанхайда 33 қазақстандық студент бақ сынады

Шанхайдағы әлем чемпионатында қазақстандық жастар 1 қола медаль, 6 кәсіби шеберлік медалі және «Best of Nation» марапатын жеңіп алды.


«Ұшқышсыз авиациялық жүйелер» бағыты бойынша Руслан Нестеренко қола жүлдеге ие болды. Бұл бағыт чемпионат бағдарламасына биыл алғаш рет енгізілді. Кәсіби шеберлік медальдары веб-технологиялар, сантехника және жылыту, дәнекерлеу технологиялары, өнеркәсіптік және графикалық дизайн, мехатроника бағыттарында берілді.

«Цифрлық интерактивті медиа дизайны»


бойынша Камила Алиева «Best of Nation» марапатын алды. Қазақстан атынан чемпионатқа 31 құзыреттілік бойынша 33 колледж студенті қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button