Жаңалықтар

Автоцонда емтиханға 6 ай күту туралы ақпарат жалған

Емтихан кезегі екі айға дейін

Жүргізуші куәлігін алу емтиханына 6 ай кезек күту туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Құрылтай депутатының сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Емтиханға сұраныс Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қарағанды, Түркістан және Алматы облыстарында жоғары. Алайда бұл өңірлерде күту мерзімі екі айға дейін ғана созылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button