
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев облыс әкімі Мұрат Ергешбаевпен бірге Қызылорда облысындағы ірі жол құрылыстарының барысымен танысты.
Қызылорда қаласының айналма жолын қайта жаңғыртуға 46,4 млрд теңге бөлінген. Жобаны 2029 жылы аяқтау жоспарланған.
«Қызылорда – Сексеуіл» жолын жаңғыртуға 242,3 млрд теңге, «Бейнеу – Сексеуіл» бағытына 191,5 млрд теңге қарастырылған. Ал «Ұлғайсын – Сексеуіл» жолының құрылысына 752,5 млрд теңге бөлінген.
Қазір учаскелерде жер төсеу, топырақ алу және жобалық құжаттарды әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Нұрлыбек Нәлібаев жол құрылысының сапасына ерекше мән беру қажеттігін атап өтті. Жобалар аяқталған соң өңірдің транзиттік әлеуеті артып, жүк тасымалы мен туризмнің дамуына мүмкіндік туады.




