
eGov Mobile қосымшасында отбасының әл-ауқатын бағалау калькуляторы қолжетімді болды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Сервис отбасының табысын, мүлкін, құрамын және әлеуметтік жағдайын ескереді. Бағалау алты бағыт бойынша 59-дан астам көрсеткішті қамтиды.
Калькулятор нәтижесі ақпараттық сипатқа ие және әлеуметтік төлемдерді тағайындау не тоқтату туралы шешім болып саналмайды.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 36 мемлекеттік жәрдемақының 14 түрін тағайындауда мұқтаждық қағидаты қолданылады. Ал қалған 22 төлем бұрынғы тәртіппен беріледі.



