Жаңалықтар
Қазақстандық шабандоз халықаралық додада жүлдегер атанды
Олег Соколенко Әлем кубогында күміс алды

Астанада ат спортының конкур түрінен Әлем кубогының Еуразиялық кезеңінің финалы өтуде. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия және Ресейден 22 спортшы қатысып жатыр.
Додада шабандоздар биіктігі 155 сантиметрлік кедергілерден өтуде. Бұл сында ұлттық құрама мүшесі Олег Соколенко жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, аталған кезеңнің қорытындысы бойынша үздік үш шабандоз жарыстың келесі жаһандық кезеңіне жолдама алады. Қазіргі уақытта бас төрешілер жалпы есептегі жеңімпаздарды анықтап жатыр.



