Жаңалықтар

Мерекеге орай тауарлар арзандады

Қызылордада 31 сауда нысаны акцияға қосылды

Республика күніне орай Қызылорда облысындағы 31 сауда нысаны «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акцияларына қатысуда. Акциялар аясында азық-түлік және өзге де тауарларға 5–50 пайыз аралығында жеңілдіктер қарастырылған.

Сауда орындарында концерттер, ұлттық спорт жарыстары мен қолөнер көрмелері ұйымдастырылуда.

Мәселен, Қызылордадағы «Aray City Mall» сауда орталығында «Анаға тағзым» орталығының шеберлері мен түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандардың қолөнер бұйымдары қойылған көрме-жәрмеңке өтті. Сондай-ақ қалада және аудандарда мерекелік концерттер, ұлттық спорт жарыстары мен оқушылардың қолөнер көрмелері өткізілді.

Акциялар тұрғындардың қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып алуына, отандық өнімдерді қолдауға және ішкі сауданы дамытуға бағытталған.

Жеңілдіктер мен мерекелік іс-шаралар облыс көлемінде 27 қазанға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button