Жаңалықтар

Қызылордада жас инноваторлар жарысқа түседі

Үздік IT жобаларға 6 миллион теңге беріледі

Қызылордада жастардың инновациялық әлеуетін арттыруға бағытталған «INNOFEST Qyzylorda – 2026» республикалық сайысы өтеді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Сабит Ибадуллаұлы мәлімдеді.

Биылғы сайыстың басты бағыты – жасанды интеллект. Қатысушылар AI Software, AI Hardware және AI Media бағыттары бойынша бақ сынайды. Олар 24 сағат ішінде өз идеяларын прототипке айналдырып, сарапшылар алдында қорғайды.

Жалпы жүлде қоры – 6 миллион теңге. Сонымен қатар жеңімпаздарға жоғары оқу орындарының гранттары қарастырылған.

Айта кетейік, бұған дейінгі фестивальдерге 5 мыңға жуық жас қатысқан. Ал биылғы сайыс 4–5 желтоқсан күндері Өнер орталығында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button