Жаңалықтар
Байқоңыр әкімшілігі қаза тапқан әскерилердің жақындарына көңіл айтты
Мемлекеттік тулар төмен түсірілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты 25 қыркүйекті Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Осыған орай, Байқоңыр қаласының әкімшілігі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Әкімшілік пен қала тұрғындары қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Аза тұту белгісі ретінде Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин қаладағы Ресей Федерациясының мемлекеттік туларының төмен түсірілуін тапсырды.


