Жаңалықтар

Жаңақорғанның сегіз ауылы көгілдір отынға қосылады

Қожакентте 33 шақырымнан астам газ құбыры тартылуда

Жаңақорған ауданында бірнеше ауылды табиғи газбен қамту жобасы жүзеге асырылуда. Бүгін аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан Қожакент ауылындағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Жоба бойынша ауылға дейін 33,037 шақырым жоғары қысымды газ құбыры, ал ауыл ішінде 34,707 шақырым газ тарату желісі салынады. Қазір магистральдық құбырдың 32,5 шақырымы тартылып, ауылішілік желінің 10 шақырымы төселді.

Қожакентпен қатар Өзгент, Ақсуат, М.Нәлібаев, Жаңарық, Қыркеңсе, Байкенже және Билібай ауылдарын газдандыру жоспарланған. Жұмыстар кезең-кезеңімен 2026–2030 жылдары жүргізіледі.

Аудан әкімі құрылыс сапасын қадағалап, жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button