Жаңалықтар

Қорғаныс министрі қаза болған сарбаздардың отбасыларымен кездесті

Отбасыларға жан-жақты көмек көрсетілетіні айтылды

Маңғыстау облысында ҚР Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов оқу-жаттығу барысында оқу-жауынгерлік міндетті орындау кезінде қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына барды. Министр қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.


«Олар біз үшін жай ғана әскери қызметшілер емес – біздің қаруластарымыз, ұлдарымыз бен бауырларымыз. Олардың қазасы – барша Қарулы күштер үшін орны толмас ауыр қаза. Біз туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, осы қиын кезеңде олармен бірге боламыз», – деді Дәурен Қосанов.

Мейрамбек Бердіханов, Азамат Мәдіхан және Дастан Бегей Жаңаөзен қаласынан, ал Мирас Тұрдыбекұлы Жетібай ауылынан мерзімді әскери қызметке шақырылған.


Министр Қорғаныс министрлігі отбасыларды қайғымен жалғыз қалдырмайтынын айтып, оларға жан-жақты көмек пен қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button