Жаңалықтар

Күнсұлу Түрікпен республикалық жыр додасында үздік деп танылды

Сыр елінің өнерпазы Бас жүлдені жеңіп алды

«Ұлытау үні» фестивалі аясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған XXXIV республикалық жыршылар байқауы өтті. Дәстүрлі өнер өкілдері бас қосқан байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен келген жыршылар бақ сынады. Дода қорытындысында Сыр елінің талантты өнерпазы Күнсұлу Түрікпен Бас жүлдені иеленді.

Күнсұлу Түрікпен — Сыр бойы жыраулық мектебінің Жиенбай, Нұртуған, Нартай дәстүрлерін жалғастырып жүрген жыршы. Ол жыр-термелерді насихаттап, қазақтың дәстүрлі өнерін ел ішінде және шетелде дәріптеп келеді.

Өнерпаз 1992 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Ақжар ауылында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, кейін Қазақ ұлттық өнер университетінің магистратурасын тәмамдаған. Қазіргі таңда «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі.

Күнсұлу Түрікпен бұған дейін республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауында II орын алып, 2020 жылы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына ие болған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button