Жаңалықтар

Қазақстанда сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

Қызыл кітаптағы жыртқыштың қозғалысы спутник арқылы бақыланады

Қазақстанда сирек кездесетін Түркістан сілеусініне алғаш рет GPS-қарғыбау орнатылды. Бұл ғалымдарға жануардың қозғалысын спутник арқылы бақылап, тіршілігін зерттеуге мүмкіндік береді.

Қараша есімі берілген сілеусін 20 қарашада Алматы облысының Кеген ауданында, Алғабас ауылы маңындағы Шелек өзенінің жағасынан табылған.

Бақылау кезінде мамандар оның шибөрінің өлексесімен қоректеніп жатқанын байқаған. Кейін «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің қызметкерлері мен Зоология институтының мамандары жыртқышты қауіпсіз ұстап, жағдайын тексеріп, GPS-қарғыбау орнатқан.

Қажетті шаралардан соң сілеусін табиғи ортасына қайта жіберілді. Мамандардың мәліметінше, оның қазіргі жағдайы тұрақты.

Спутниктік бақылау арқылы ғалымдар сирек жыртқыштың қозғалыс бағытын, мекен ету аумағын және белсенділігін зерттей алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button